«Мемлекеттік тілдің дамуы»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2  аудандық сотында  «Мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аудандық сот төрағасы Ж.Бекжанов өз сөзінде, мемлекеттік тілді дамыту және сақтау еліміздің әр азаматының парызы деді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері іс жүргізу тілінің  конститутциялық принциптерін сақтап, мемлекеттік тілдің дамуына және Республикамызда қолданылатын барлық тілдерге құқықтық кепілдемені және сыйластық қатынасты қаматамасыз ету үшін барлық жағдай жасалады» - деді Ж.Бекжанов.

Іс-шараға қатысушылар іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану деңгейін талқылады.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты.