Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартты бұзу туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер КММ-нің жауапкер «Н» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартты бұзутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,талапкер КММ-сі жауапкер «Н» ЖШС-мен жасалған келісім шартты бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінген, себебі, №4 келісім шартқа сәйкес жауапкер 83 998 теңге көлемінде фирмалық бланк дайындап беру қызметін көрсетуге міндеттенген. Жауапкер келісім шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған.

Келісім шарттан көрінгені, келісім шарт тапсырыс берушімен аймақтық қазынашылық бөлімінде тіркегеннен кейін заңды күшіне енеді және 31.12.2016 жылға дейін әрекет етеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт 31.12.2016жылы күшін жойған, әрекет етуші келісім шартты ғана бұзуға болады. Сот шешімімен КММ-нің «Н» ЖШС-мен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартты бұзу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты