Мемлекетке өз еркімен алынған жер учаскесі қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Алматы қаласы жерді қорғау және пайдалануды бақылау басқармасы» КММ-нің жауапкер «А.» ЖК-ге заңсыз тұрғызылған металлды конструкция объектісін мәжбүрлеп жөндеу және жер учаскесін босату туралы талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істе көресетілгендей, пайдалануды бақылау және жерді қорғау өкілеттігі мемлекеттік органның құзырында болуына сәйкес, мемлекеттік жерлерді қайтару және тұлғаның жер учаскесін заңсыз иелену салдарынан Қазақстан Республикасының заңы бұзылуда, сондықтан мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгінген. «А.» ЖК өз еркімен 0,0240 га көлеміндегі, Алматы қаласы, «Жібек Жолы» базарының сол жағында орналасқан жер учаскесін иеленіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында сол жерге металлды конструкция объектісін жүргізген.

Сотпен анықталғаны, талапкер Қазақстан Республикасы Жер Кодексін бұзуымен қатар, құқықорнату құжаттарынсыз өз еркімен жер учаскесін иеленген. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабы 10 тармағын бұза отырып, металл конструкциясынан ТҚК объектісін тұрғызған.

Сот азаматтық істі қарап, арызданушының талабы негізделген және толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот талапкерге жер учаскесін босатуды және металл конструкциясынан тұрғызылған объектіні алып тастауды міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі