Медиативтік келісімге қол жеткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурызбай аудандык сотында талапкер азаматша К. жауапкер К.Д. –ға қатысты жылжымайтын мүліктен үлесті ақшалай бөлу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында, тараптар Алматы қаласы Наурызбай ауданы Ақжар ықшам ауданы, Айманов көшесінде орналасқан ортақ жылжымайтын  мүліктің,  яғни тұрғын үй иелері болғаны анықталған. Бірақ, тараптар сол аталған тұрғын үйдің үлесін анықтау үшін бір шешімге келген жоқ. Талапкер дауды реттеу үшін жауапкерге бірнеше рет ескерткен, одан нәтиже шықпағандықтан сотқа арыздануға мәжбүр болды.

Сот қол жеткізген дауды реттеу келісімге сәйкес азаматтық іс жүргізуді келесі шарттар негізінде тоқтатты: жауапкер К.Д. 2017 жылдың 30 маусымына дейін талапкерге 7 902 000 теңгені төлеп, төлегеннен кейін пәтердің иесі атанды, ал  талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты