Медиациялық тәртіп бойынша келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкерлер У.  жауапкер «Сая Самал» ЖШС материалдық зиян келтіргені үшін 1 112 000 теңгені өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арызы түсіп, оны бекітуді сұрады.

Келісім-шартқа сәйкес, тараптар татуласу шартын орындау есебінен, талапкер сотқа жазбаша өтініш бере отырып, өз талап арызынан бас тарту туралы келіседі.

Жауапкер, тараптар бітімгершілік келісімге қол қойған күннен бастап, талапкерге автокөлікке материалдық зиан келтіргені үшін 300 000 теңге көлемінде өтемақы төлеп беруге міндеттенеді.

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

ҚР АІЖК-нің 277 бабының 6 тармақшасына сай, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе сот өндірісін тоқтатады.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты