Медиация тәртібімен татуласу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталушы К. -ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

18 мамыр 2017 жылы сағат 02:05 шамасында Ч. Алматы қаласы 9 ықшам ауданы мекен-жайында орналасқан «ZBS» компьютерлік клубында С.-ға тиесілі  құны 99000 теңге тұратын «Huawei Y52» маркалы  телефонды ұрлап, қылмыс жасаған орнынан бой тасалаған. 

Сот отырысында айып бойынша жәбірленуші С. атынан сотталушымен медиация тәртібімен татуласу бойынша және зардап шектірген кінәсін жою салдарынан істің тоқтатылуына өтініш түсті, сотталушыға  қояр наразылығы жоқ. 

Сот қаулысымен Ч. қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық ісі  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68 бабына сәйкес медиация тәртібімен татуласы және зардап шектірген кінәсін жою салдарынан сотталушы Ч. жауапкершіліктен босатылып, өндірістен қысқартылды. 
Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі