Медиация тараптардың дауын шешуде көмектесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «А» жауапкер «Л» қатысты ар-ождан, абырой қызметтік беделді  қорғау, моральді залал мен сот шығыстарын өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жауапкер «Л-ға»  ар-ождан, абырой қызметтік беделді  қорғау, моральді  залалды  өндіру  туралы арызымен жүгінді.

Істі қарау барысында тараптар соттан өзара медиация тәртібімен жасасқан  келісімді келесі шарттарда бекітуін сұрады: жауапкер өз шағымында  ар-ождан мен абыройды жаман атқа қалдыратын  сәйкестікке келмейтін мәліметтерді жоққа шығара отыра Алматы қаласы  МКД-нің бастығына жазбаша түрде  жазылған шағымды теріске шығару мен кешірім сұрайды. Жауапкер талапкерге өкілдік қызметтер үшін 100 000 теңге сомасындағы шығын төлейді. Талапкер арыздың қалған шарттарынан толықтай бас тартады.

Тараптарды тыңдаған соң сот тараптардың өзара жасасқан  медиативтік келісімді жоғарыда көрсетілген шарттарда бекіту туралы ұйғарым шығарды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты
Пікірлер мен ұсыныстар