Медиация рәсімін сақтандыру компанияларымен қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «А» АҚ-ның жауапкер «Н» АҚ-нан ақша сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,«А» АҚ-ы сотқа «Н» АҚ-нан ақша сомасын өндіру туралы арызбен жүгінген.

Сот отырысы кезінде тараптардан сот медиациясы тәртібімен медиация келісімін бекіту туралы арыз түскен. Медиациялық келісім шарттарына сәйкес: жауапкер «Н» АҚ-мы талапкер «А» АҚ-на 203 195 теңге көлемінде сақтандыру төлемін 05 мамыр 2017 жылға дейін төленуге міндетті, талапкердің есеп шотына  қолма қол ақшасыз ақша сомасын жіберу жолымен. Тараптар келісімге келді, жауапкер келісімді толық орындаған сәттен және 203 195 теңгені төлеген сәттен тараптардың бір біріне шағымдары тоқтатылады. Медиативтік келісім еріктілік принциптері және адалдық принциптерінің  негізінде орындалады.

Сот ұйғарым етті, тараптар арсында жасалған дауды медиация тәртібімен шешу келісімі бекітілсін. Талапкер «А» АҚ-ның жауапкер «Н» АҚ-нан ақша сомасын өндіру  туралы азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылсын.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты