Медиация рәсімін қолдану арқылы істерді қарау тәжірибесімен бөлісті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында 2017 жылдың 9-шы маусымында «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша медиация тәртібімен қарау жөніндегі пилоттық жобаны және азаматтық және қылмыстық істердің медиациямен қарау кезеңінде туындайтын маңызды мәселелерді» талқылау жөнідегі дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстелге Түрксіб аудандық әкімшілігінің, аудандық ІІБ-нің, №4 заң консультациясының Түрксіб аудандық, Жетісу көлік және Әуе көлік прокуратураларының өкілдері мен прокурорларының және «Қазақстан медиаторлар қауымдастығының» бас директоры Ж.Жақыпов және Алматы қаласының кәсіби медиаторлары қатысты.

Сот судьялары Ж.Намазбаева және А.Тұрсағұлова өз кезектерінде азаматтық және қылмыстық істер бойынша медиативтік келісім-шартты бекіту барысында және сот істерін медиация тәртібімен қарау кезіндегі туындайтын мәселелермен бөлісті. Сонымен қатар, олармен дауларды медиация тәртібімен қарауда сот процесіне қатысушы тараптарға барлық құқықтары мен міндеттері түсіндірілетіні көрсетілді.

«Қазақстан медиаторлар ассоциациясы» бас директоры Ж.Жақыпов дауласқан тараптардың арасындағы дауды медиатордың көмегімен бітімгершілік келісімге келуге болатындығы жөнінде медиацияға түсінік берді. Мысалы, отбасылық дау бойыншаорталықтың диреторы бітімгершілікке қалай қол жеткізуге болатындығы туралы әдістемелік түрде түсіндіріп, бітімгершілік жүгізудің жолдары мен оныңоңтайлылығын, құпиялылық сақтау жолдарымен қатар дауды келістіру кезеңіндегі басқа да әдістемелік ұстанымдардың жолдарын таныстырды.

Сот төрағасы Ж.А.Мұхамбетжан азаматтық және қылмыстық істерді медиациялық тәртіпте қарауды келешекте де жетілдіріп отырған жөн деп көрсетті.  

 

Қайнар: 
Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты