Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Р.-ның Ж.-ға қатысты талап арызы бойынша материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

ЖКА нәтижесінде талапкердің көлік құралына айтарлықтай зиян келтіргендігі сотқа жүгінуіне себеп болды. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жауапкер жол көлік апатына кінәлі деп танылды. Сараптама ұйымы жүргізген сараптама нәтижесі бойынша қалпына келтіру жөндеу жұмыстары 399 049 теңге, тауарлық күндік жойылу құны 253 531 теңгені құрады.

Дауды медиациялық келісім тәртібімен екі жақ дауды реттеу туралы келісімге келді және келісім шарттар негізінде азаматтық іс бойынша сот ісін тоқтату туралы арызбен сотқа жүгінді. Шарттарға сәйкес жауапкер екі ай ішінде өндіріліп жатқан соманы төлеп беруге, ал талапкер залал сомасын төмендетуге міндеттенді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі