Материалдық шығын өндіру туралы талап арызынан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында арызданушы  К.–ның жауапкер «ВК» ЖШС-не, үшінші тұлғаларға С. Және «НСК» АҚ-на қатысты материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Арызданушы К. сотқа жол апаты әсерінен пайда болған  1 447 801 теңге көлеміндегі материалдық шығынды жауапкер «ВК» ЖШС-нен өндіру туралы талап  арызымен  жүгінген.

Сотқа өткізілген  «НСК» АҚ-ы жасалған шығын есебі бойынша, талапкер К.-ға тиесілі  «Мерседес-Бенц G63 AMG» автокөлігі, амортизацияны ескере отырып, келтірілген зиян шығыны 1 069 529 теңге деп көрсетілген.

Сот отырысы барысында жауапкер өкілі Ф. және үшінші тұлға С. талап арызды мойындамай, соттан толық көлемде бас тартуды сұрады. Ал үшінші тұлға ретінде тартылған «НСК» АҚ-ның өкілі Л. жоғарыда аталған іс бойынша түсінік берді. Өз түсінігінде  сақтандыру компаниясымен талапкер К.-ның атына есеп бойынша 1 069 529 теңге төлем тапсырмасы негізінде сақтандыру өтемі аударылды. Сақтандыру компаниясының іс-әрекеті  заңмен белгіленген уақыт ішінде тараптармен шағым жасалмады және заңсыз деп танылмады.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі