Қылмыстың қауіпті қайталануы танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 191 бабы 2 бөлігінің 4 тармағымен (бөтеннің мүлкін тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы ашық түрде жымқыруға оқталу) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 28 қаңтарында сотталушы Б. Алматы қаласы Жұмабаев көшесінде орналасқан  тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы, құны 220 000 теңге тұратын, жәбірленуші К. тиесілі «Dell» маркалы ноутбукті ашық түрде жымқырып, қылмыс болған жерде ұсталған.

Басты сот талқылауында сотталушы Б. тағылған айып бойынша кінәсін толығмен мойындады.

Сот үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 191 бабы 2 бөлігінің 4 тармағымен кінәлі деп табылып, оған осы бап бойынша мүлкін тәркілеу арқылы, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 14 бабы 2 бөлігінің 1 тармағына сәйкес сотталған Б. іс-әрекетінде  қылмыстың қауіпті қайталануы танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты