Қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігімен сотқа берілген Х-ға қатысты қысқартылған тәртіпте қылмыстық іс қаралды.

20 сәуір 2017 жылы сағат 13.00 шамасында Х. №345 автобуспен келе жатқан кезде бұрын танысты емес әйелдің жанына барып, оған көрсетпей оның сөмкесін ашып, 73 000 теңге көлемінде ақшаны жасырын жымқырды. Содан кейін Райымбек даңғылында автобустан шығып, полиция қызметкерлерімен ұсталынған. Осылайша Х. ұрлық жасауға бағытталған пиғылын өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған.

Сотталушы Х. өз кінәсін толығымен мойындап, шын жүректен өкінді.  Соттан жәбірленушімен татуласқанына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Жәбірленуші К. сотқа оған келтірілген материалдық залал толығымен толтырылғанын және сотталушымен медиация тәртібінде татуласқанын көрсетті.

Х-ға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қысқартылды.

Қайнар: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты