Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен  айыпталған Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 22 шілде 2017 ыжыл ы сағат 15.00 шамасында жүргізуші Д.  «Лада» маркалы автокөлігін Мустафин көшесі бойымен солтүстік бағытта жүргізіп келе жатып, Торағыров көшесінің қиылысында Қазақстан Республикасы   ЖЖҚ-ның 13,5 бөлігінің талаптарын бұзып, светофордың рұқсат белгісімен солға бұрылу кезінде, Мұстафин көшесімен қарама-қарсы бағытпен жүргізуші К., басқарып келе жатқан  «Yamaha» маркалы мотоцикл соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған.

 Жоғарыда аталған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде, сот-медициналық сараптамасының тұжырымдамасына сәйкес К-нің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген.

 Сот отырысында сотталушы Д. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жәбірленушіге келтірген залалды толығымен өтеп, болған оқиғаға шынайы өкініш білдірген.

 

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабының 1 бөлігімен айыпталған Д-ға қатысты қылмыстық ісі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1бөлігімен, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медияция тәртібінде, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатыла отырып қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты