Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекссінің 188 бабының 1 бөлігімен (ұрлық) көзделген қылмысты жасаған И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

2017 жылы тамыз айының 2 жұлдызында кешкі сағат 17:00 кезінде Алматы қаласының Төле би және Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында №85 маршруттық қоғамдық көлік ішінде И. пайдакүнемдік ниетпен, жәбірленуші Ш.-ның құны 380 000 теңгелік «Айфон 7+» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап, нәтижесінде ұрланған мүлік иесі Ш-ге материалдық залал келтірді.

Сотталушы И. өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, шын жүректен өкініп, келтірілген зазалды толықтай қайтарған.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің  188 бабының 1 бөлігімен айыптау бойынша И-ке қатысты қылмыстық іс ҚК-тің 68 бабының 1 бөлігі негізінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты