«Қылмыстық істердің құжаттары бойынша молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындау»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында «Қылмыстық істердің құжаттары бойынша молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға аудандық соттың судьялары, Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокуратурасының, Алматы қаласы ІІД-нің Наурызбай аудандық ІІБ-ның, «Халықаралық құқық қорғау орталығы»-ның өкілдері мен жеке молекулярлық- генетикалық сот сарапшысы А.Сыздыкбековалар қатысты.

Шараның модераторы - аудандық соттың судьясы Б.Сарсенбаева.

Дөңгелек стол сабағында жеке сот-сарапшысы А.Сыздыкбекова зертхана қызметі туралы мәлімен бере отырып, сонымен бірге келесі басты сәттерді түсіндірді: тағайындау, жасау және сараптаманы өткізу уақыты; молекулярлық – генетикалық сараптаманы жеке сот-сараптамашымен өткізудін пайдасы, ер және әйел желісі арқылы туыстықты орнату, сондай-ақ молекулярлық – генетикалық зерттеу объектілері, зерттеуге алу және сақтау шарттары.

Сарапшыларға келесі мән-жайлар түсіндіріледі:

- азаматтық және қылмыстық іс жүргізудегі молекулярлы-генетикалық сараптаманың мүмкіндігі;

- зерттеу кезінде қойылатын сұрақтар;

- зерттелуге жататын объектілер;

Қазіргі кездегі заманауи молекулярлы-генетикалық сараптама жеке адамдардың бір бірімен туысқандығын анықтау, сонымен қатар әкесін анықтау мүмкіншілігінің дәлдігін 99 % жеткізіп отыр.

Дөңгелек үстелдің соңында, қатысушылар тағы бір рет атап өткен тақырыптың өзектілігін мен қажеттілігін мұндай талқылаулар жасау мақсатында бірыңғай сот практикасына үлес қосары анық екенін айтты.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі