«Қылмыстық істер бойынша сотқа қатысушыларға білікті заң көмегін көрсету»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында «Қылмыстық істер бойынша сотқа қатысушыларға білікті заң көмегін көрсету» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратурасының прокуроры С. Төреқұл, Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары А.Кушигенова, Ж.Терликбаева және ҮЕҰ «Халықаралық құқықтық қызмет көрсету орталығы» ҚҰ өкілі С.Қадір қатысты.

Сот төрағасы Е. Ділдабаев: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабына сәйкес «Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар». Азаматтық іс жүргізуге қарағанда, қылмыстық істерді қарау барысында қорғаушылардың қатысуы міндетті. Бүгінгі күнде біздің басты мақсатымыз іске қатысушыларға білікті заң көмегін көрсету. Өкінішке орай, кейде адвокаттар заң талаптарына сәйкес келмейтін өтініштер және арыздармен сотқа жүгініп, қылмыстық құқықта қолданылатын түсініктемелерді дұрыс түсінбейді. Ол азаматтық істерді қарау кезінде қатысып, қылмыстық істер бойынша іс-жүргізуде бірінші рет қатысатын қорғаушыларға қатысты. Сонымен қатар, кейбір қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің өкілі ретінде заң білімі жоқ тұлғалар қатысып, заң талаптарын дұрыс түсіндірмеген жағдайлар орын алған. Сондықтан, алдын ала тергеу кезінде қылмыстық іс бойынша тараптарға білікті заң көмегін алу туралы  құқығын түсіндіру қажет. Бұл мәселе прокуратура органдарына да,  қадағалау органы болған соң қатысты»,- деді.

Шара барысында қатысушылар халыққа білікті заң көмеген көрсету туралы бірқатар сұрақтарды талқылап, қажетті шаралар қабылдады.

Дөңгелек үстел соңында, ҮЕҰ «Халықаралық құқықтық қызмет көрсету орталығы» ҚҰ өкілі С.Қадір тұрғындардың Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу деңгейін арттыру мақсатында осындай іс-шаралардың жиі өткізу қажет екенін атап өтті.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты