жм, 14/07/2017 - 15:59
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 481 бабы 1 бөлігі бойынша азамат Ж– ке қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Соттың анықтауы бойынша, 19 маусымда 2017 жылы сағат 10.30 шамасында Алматы қаласы КПП №2 ЛА-155/18 мекемесінің қызметкерлерімен тексеру кезінде азамат Ж ұсталған, зат өткізу уақытында, тексеру кезінде 1-дана «Nokia» ұялы телефон табылып, алынды.
Сот қаулысымен Ж. құқықбұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру ретінде, әкімшілік ескертуге және 1 дана ұялы телефонды заттай тәркілей отырып жоюға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты