Көліктік құқық бұзушылықпен байланысты қылмыс жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)
айыпталушы М. -ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Айыпталушы М., көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола отырып,  5 шілде 2017 жылы 19:00 сағат шамасында   Өтеген батыр көшесінің оңтүстік бағытында, маркасы «Mitsubishi Pajero» көлік құралын каннабиноид тұтыну салдарынан есірткілік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында айыпталушы М. өзіне қатысты қылмыстық іске байланысты кінәсін толық мойындады.

 Сот үкімімен М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1-бөлігіндегі қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған  300 сағат мерзім көлемінде қоғамдық жұмыстарды атқаруға 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі