Көлікті жалға беру бойынша материалдық зиян өндіру талабы ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында талапкер В-ның жауапкер  П-ға көлікті жалға беруден материалдық зиянды қайтару туралы азаматтық іс қаралды.

В. өз талап арызында, 22 ақпан 2013 жылы тараптардың арасында В-ның меншік құқығындағы «Лада 21154» маркалы көлікті 36 айға жалға беру шарты жасасақанын көрсетеді.

1 қыркүйек 2013 жылы жауапкер П. аталған автокөлікті жүргізу кезінде жол-көлік оқиғасын жасап, К-ны қағып кету салдарынан, жәбірленушінің денсаулығына  орташа зиян келтіреді.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 1 қараша 2013 жылғы қаулысымен П. әкімшілік жазаға тартылды. Осы жол-көлік оқиғасынан талапкердің көлігі механикалық зақымданады. Жауапкер өз еркімен материалдық зинды өтеуден бас тартады.

Талапкер В. соттан жауапкерден 678 811 теңге материалдық зиянды,6788 теңге  мемелекеттік баж салығын, 5333 теңге айыпақы мен 67 881 теңге өсімақы өндіріп беруін сұрайды.

Сот шешімімен талап арыз жартылай қанағаттандырылды. П-дан В-ның пайдасына 225 633 теңге, өкілдік қызметіне кеткен 22 563 теңге, мемлекеттік баж салығы 2256 теңге өндірілді. Талаптың басқа бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты