Көлік жүргізу құқығынсыз және мас күйде көлік құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 608  бабы 6 бөлігі бойынша Б.-ға  қатысты әкімшілік істі қарады.

Соттың анықтауы бойынша,  25 наурызда 2017 жылы сағат18.30 шамасында  Б. «Ниссан» автокөлігін мас күйінде және көлік жүргізу құқығынсыз жоғары жылдамдықпен жүргізе отырып газ құбырына келіп соқтығысқан, сонымен қатар жол патрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталып, 10.1 және 2.4.2  Қазақстан Республикасының Жол жүру ережесі туралы заңының ержелерін өрескел бұзған. Нақты іс әрекет бойынша ӘҚБтК 608 б 6 бб хаттама толтырылған.

Сот отырысында Б.кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Б.  әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты