Көлік құралына арнайы дыбыс сигналын орнату қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлға және тәркілеуге тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қаласы  мамандандырылған  ауданаралық  әкімшілік  сотында ҚР ӘҚБтК 603 бабы 2 бөлігі бойынша  К.-ға қатысты  әкімшілік ісі қаралды. 

13 мамырда 2017 жылы, шамамен сағат  21.15  минутта  К. Халықаралық әуежай аумағында «Тойота»  автокөлігімен арнайы дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнатылғаны анықталған.

Сот қаулысымен    К. әкімшілік құқық  бұзушы  болып  танылып, әкімшілік өндіру ретінде, 25 айлық есептік көрсеткіш 56725 теңге көлемінде айыппұлға және дыбыс шығарушы сигнал құрылығыны тәркілеуге тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты