Қолхат бойынша қарыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық  сотында талапкер Е. жауапкер  К-ге  қатысты  қарыз соманы өндіру  туралы  азаматтық  іс  қаралды.

2016 жылдың тамыз айының 13-де Е. және К.  арасында жазбаша  келісім шарт жасалған, келісім шарт нотариуспен расталған. Келісім бойынша К. 10 380 000 теңгені 2016 жылдың тамыз айының 20-да қайтаруы тиіс болатын, алайда көрсетілген уақытта жауапкер берешек ақшалай қаржыны қайтармаған. Талапкердің қарызды қайтару туралы талабына жауапкер тек «қайтарам» деген уәде беріп келген. Соңғы уақытта жауапкер көрсетілген мекен-жайда тұрмайды және қарызды қайтарудан жалтарып жүрген.

К. талап арызы сот шешімімен толық қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты