Кәмелет жасқа толмаған балаларды күтіп бағу үшін алимент өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әуезов ауданының №2 аудандық сотында М-нің А-ға кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

 Талапкер жауапкер А-дан кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіру туралы берген талап арызын келесімен негіздеді,   2002-жылғы  07-желтоқсанда жауапкер  А-мен заңды некеге тұрған. Ортақ некеден кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. Жауапкер А-ның отбасына өз еркімен материалдық көмек көрсетпегендігіне байланысты, кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін, оның айлық және басқа да табыстарынан 1/3 көлемінде алимент өндіруді сұрады.

Сот тараптардың түсініктерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, талап арызды қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі