«Әкімшілік іс бойынша шешімді толтырудың әдістері» тақырыбында тренинг өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауаданаралық әкімілік сотында сот судьясы А.Ғ.Шаяхметованың басқаруымен «Әкімшілік іс бойынша шешімді толтырудың әдістері»   туралы тақырыбында тренинг өтті. Тренингке әкімшілік сот төрағасы Б.Тәжіханов, сот судьялары, кеңсе меңгерушісі қатысты.

Басты мәтіні: Тренинг барысында судья А.Ғ.Шаяхметова өзі қатысып келген, қыркүйек айының 21-22 күндері Шымкент қаласында өткен халықаралық семинардың қортындысымен көрсетілген «Әкімшілік шешімдерді толтырудың әдістемесімен» таныстырып өтті.

Тренинг «ЕС-Орталық азия құқықтық платформасының ережесі» аясында «Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттілікті насихаттау», GIZ (Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германиялық қауымдастық) жүзеге асырылып, сонымен қатар аталған бағдарламалармен біріктіре отырып ұйымдастырылды.    

Тренинг барысында сот судьялары шешімнің толтыруға қатысты пікірталас туғызатын және сипаттау тұстарын, әкімшілік істер бойынша шешімге талдау жүргізді, шешімнің ақылға қонымды негіздеу әдісін белсене отырып талқылады.  

 

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты.