Кепілге қойылған мүліктен қарыз өндіріп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотымен жауапкер М-нен кепілге қойылған мүліктен қарыз өндіру туралы Банктің талап арызы боынша азаматтық іс қаралды. 

Сот талқылауында талап қоюшы Банктен қарызға ақша алу туралы шарт жасалынып жауапкерге 2 000 000 теңге ақша берілген және қарызды қайтаруды қамтамассыз ету мақсатында жауапкер мен банк арасында кепілге жылжымайтын мүлікті қою шарты жасалғандығын негізге алатынын айқындады. Аталған қарызды өндіру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген, бірақ жауапкермен сот шешімі қазіргі таңда орындалмауда, сол себептен жауапкердің кепілге қойылған мүліктен қарызды өндіруді талап етуде.

Сот, аталған азаматтық істі қарап, талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар