Келтірілген зиян өтелген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Н.-ді Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен, 188 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен (бөтеннің мүлкін біршене рет жасырын түрде жымқыру) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың 10-20 желтоқсаны аралығында сотталушы Н. Алматы қаласы Қазыбаев көшесінде орналасқан қоймадан жәбірленуші Ж.  тиесілі   ауыр жүк көліктеріне арналған 62 дана «HOWO 2009» және 60 дана «STRW» маркалы тежегіш барабандарын жасырын түрде жымқырып, жәбірленуші Ж. 851 926 тенге материалдық шығын келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы Н. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Сонымен қатар, сот мәжілісінде сотқа тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі, яғни дауды реттеу туралы келісім келіп түсті.

Соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігінде, 188 бабының 2 бөлігінің 2 тармағында көзделген қылмыстарды айыптау туралы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1-бөлігінің негізінде, сотталушының жәбірленушімен медиациялық тәртіпте татуласуына және сотталушының келтірілген зиянды өтеуіне байланысты, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен қысқартылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты