Келісімнің шарттарын орындамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен РММ-сі жауапкер «ИИ» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, талапкер мен жауапкер арасында тауарды мемлкеттік сатып алу келісім шарты жасалған.

Келісім шартқа сәйкес жауапкеркелісімнің шарттарына сәйкес, келісімнің №1 қосымшасында анақыталған көлемі мен сапасына сәйкес тауарды жеткізуге міндеттенген, ал талапкер келісімнің шарттарына сәйкес тауарды қабылдап, төлемін жасауға міндеттенген.

Келісім шарттың №1 қосымшасында көзделген,  жауапкер тауарды тараптармен келісім шартқа қол қойылған сәттен 60 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге міндеттенген.  Келісім шарттың жалпы сомасы 5 985 000 теңгені құраған. Бірақ, жауапкер тауарды жеткізіп бермеген.          

Жауапкер келісім шартта айтылған мерзімде тауарды жеткізбеген, сол себепті өзіне қабылдаған міндеттерді бұзғандығын есепке алып, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 12-бабының 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, жауапкер сотпен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылуы қажет.

Сот шешімімен талап  арыз қанағаттандырылды.   

Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.