Келісімнің шарттары орындалмаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Т» ЖШС-нің  «А» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, тараптар арасында тауарды мемлкеттік сатып алу келісім шарты жасалған.

Келісім шарттың 1.1. тармағына сәйкес, талапкер келісімнің қосымшасында көрсетілген шартқа, міндеттер мен бағаға сәйкес тауарды жеткізуге міндеттенген, ал жауапкер тауарды қабылдап төлемін жасауға.

Анықталғаны, келісімнің шарттары талапкермен толық көлемде орындалған. Жауапкерге 331 968 теңге көлемінде тауар жеткізілген, тауарды басқа жаққа жіберу жүкқұжатымен дәлелденген.

Келісім шарттың 2.2. тармағына сәйкес, жеткізілген тауар үшін төлем тапсырыс берушімен тараптармен тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жеткізіп берушінің есеп шотына жіберілуі арқылы жүзеге асырылуы қажет.             Бірақ, жауапкермен төлем жасалмаған. Жауапкердің қарызы 331 968 теңгені құрайды.

Азаматтық кодекстің 469-бабына сәйкес, сатып алушы жеткізілетін тауарларға шартта көзделген есеп айырысу тәртібі мен нысандарын сақтай отырып ақы төлейді. Егер сатып алушы белгіленген мерзімде ақы төлемесе, тауар беруші сатып алушыдан жеткізілге тауарға ақы төлеуді талап етуге құқылы.

Сот шешімімен талапкер «Т» ЖШС-нің жауапкер «А» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру  туралы арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.