Келісім шарттар жарамсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Алматы қаласы Медеу ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерлер «Б» ЖШС-нің, «ЭСС» ЖШС-нің арасында жасалған келісім шарттарды жарамсыз деп танутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,2013 жылдың 1,2 тоқсанында «Б» ЖШС-гі мен «ЭСС» ЖШС-гі арасында келісім шарттар жасалған. Келісім шарттардың шегінде «ЭСС» ЖШС-нің жеткізіп берушісімен шот-фактуралар, орындалған жұмыс актілеріне қол қойылған.

Талапкер өз дәлелінде көрсеткен, басшысы жоғарыда көрсетілген келісім шарттарды жасауға ерік білдірмеген, яғни, бұл келісім шарттар заңнама талаптарын қатаң бұзып жасалған, салық төлеуден жалтару мақсатында және мемлекеттің экономикалық мүддесіне залал келтіру үшін.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының заңды күшіне енеген шешімімен «ЭСС» ЖШС-нің мемлекеттік қайта тіркеуі жарамсыз деп танылып, күшін жойды Алматы қаласы Бостандық ауданы Прокурорының  талабы бойынша. Берілген азаматтық істі қарау кезінде жалғыз құрылтайшысы және басшысы И. түсіндірді, «ЭСС» ЖШС-нің қаржылық-шаруашылық әрекетіне ешқандай қатысы жоқ екендігін айтты. Контрагентпен ешқандай құжаттарға қол қоймаған, кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға ойы болмаған. Осыдан бөлек, сарапшылардың қорытындысы нан, И. атынан келісім шартқа қолды, орындалған жұмыс актілерінде, көрсетілетін қызмет сметасында, салыстыру актілерінде, келісім шарттың қосымшаларында, актілерде И.-пен қойылмаған, басқа тұлғамен орындалған.

Айтылған жоғарыдағы  мән-жайлар куәлік етеді, талапкермен дауланып жатқан келісім шарттар, шот-фактуралар және орындалған жұмыс актілерді заңды уәкілеттігі жоқ адам қол қойған, сәйкесінше заңды күші жоқ.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты