Келісім медиациялық тәртіп бойынша бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында М.-нің Н.-қа, Т.-қа келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арызы түсіп, оны бекітуді сұрады.

Жауапкер талапкерге жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген зиянды өтеу үшін 84 974 теңге төлеп беруге міндеттенеді.

Тараптар өздеріне алған жауапкершілікті қабылдайды және мойындайды.

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында, тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

Сот ұйғарымымен келісімді медиациялық тәртіп бойынша бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты