Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пилоттық жобасын іске асыру мақсатында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында ҚР-ның Жоғарғы Сотының пилоттық жобасын іске асыру мақсатында «Атқару жазбасын тәжірибеде қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың судьялары, Алматы қаласы Бостандық аудандық әкімдігінің, Алматы қаласы Бостандық ауданының мемлекетік кіріс басқарамсының,екінші деңгейдегі банктердің, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің, «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-нің, Алматы қаласының  Нотариалдық палатаның өкілдері мен Алматы қаласының нотариустары қатысты.

Сот төрағасы А.Баянов Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын іске асырудың  мән-жайын мәлімдеді.

Судья С.Каракузиева өз баяндамасында, нотариустармен  атқару жазбасын тәжірибеде қолданудың маңызды мәселелеріне тоқталды. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында аталған пилоттық жобаны іске асыру мақсатында кабинет бөлінді. Нотариус жұмысының стендін орналастыру сұрағы қарастырылуда.

Аталған жоба қорытындыланып, қосымша ұсыныстар айтылды, сонымен қатар өзекті мәселелер төңірегінде  сұрақтар талқыланып, ұсыныстар ескерілді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі