Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 496 бабының 2 бөлігі бойынша АҚШ азаматтары  В.Б. мен Н.Б.  қатысты әкімшілік іс қаралды.

В.Б. мен Н.Б. Қазақстан Республикасының азаматтары бола тұра 27.10.2015 жылы АҚШ мемлекетінің азаматтығын алған, сондай-ақ 04.06.2016 жылы Қазақстан Республикасының аумағына келіп төлқұжатты пайдаланған, ҚР заңнамасында белгіленген мерзімді хабарламаған,  сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығы жойылған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушылар құқықбұзушылық жасаудағы өз кінәларын толығымен мойындады.

Сот қаулысымен В.Б. мен Н.Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығырып жіберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі