Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 496- бабы 2- бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) азаматша  Д-ге  қатысты әкімшілік істі қарады.

Д.  Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра 28 қазанда 2013 жылы Израиль мемлекетінің азаматтығын алған, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының аумағына келіп төлқұжатты пайдаланған, ҚР заңнамасында белгіленген мерзімді хабарламаған,  сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығы жойылған.

Сот отырысы барысында Д. кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен Д. әкімшілік құқықбұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру ретінде 200 айлық есептік көрсеткіш, 453800  теңге көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты