Қарызды өндіру туралы арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «Қазақстанынның Жинақтаушы Халық Банкі» АҚ-ның жауапкер  «Н» қатысты қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Қазақстанынның Жинақтаушы Халық Банкі» АҚ және «Н» арасында 36 айға есептелген  22%  жылдық қайта қаржыландыру ставкасын құрайтын 950 000 теңге сомасындағы  банктік займ туралы келісім жасалды.

Келісімнің шарттары бойынша  жауапкер қарызды әп сайын  кестеге сәйкес өтеуді өз мойынына алды.Алайда жауапкер өз міндеттерін орындамады. Банктің  қарызды өтеу туралы  талаптары жауапкермен ескерілмеді.

Сот шешімімен талапкер «Қазақстанынның Жинақтаушы Халық Банкі» АҚ-ның талабы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты