Қарызды өндіріп алу туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «Жания Аубакированың авторлық мектебе» мекемесінің «М» жауапкерге қарыз соманы өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер «Ж.Аубакированың авторлық мектебі» мекемесінің «М» жауапкерден 1 993 000 теңге мөлшерінде білім беру келісімі бойынша  қарыз соманы өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді, келісім шарт бойынша жауапкер аталған соманы 2015 жылдың оқу жылының соңына дейін төлеуге міндеттенді, бірақ келісім бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалмады, бүгінгі күнге дейін келесім шарт бойынша қарыз сома төленбеді. Сонымен қатар, 20.02.2017 жылғы өзара тексеріс актісіне сәйкес жауапкер аталған қарызды толық мойындады.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңжы күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты