Қарыз сомасын өндіру туралы талап қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер:   «Агентство по работе с дебиторами» ЖШС-нің жауапкер И.Б.-ға  берген қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«Альянс банк» АҚ-ы 2012 жылдың маусым айының 20-ы жұлдызында жасалған банктік келісім шарты бойынша  И.Б.-ға  4 640 187 теңге соммасында сыйақы төлеп қайтаруға несие береді.

2015 жылдың маусым айының  24-і жұлдызында жасалған факторинг келісіміне сәйкес «Агенство по работе с дебиторами» ЖШС-і    борышкерлерден қарыз сомманың негізгі бөлігін, сыйақы төлемін,  комиссиясын және уақытылы төлемегендігіне байланысты  айып төлемді  талап етуге құқылы.

Азаматтық істің құжаттарынан:  Қазақстан Республикасының  АПК-ның 715-722, 727-728 баптары бойынша заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi және  қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi,  келісім шартты орындамаған жағдайда айып төлем төлейді.

АПК-ның 268,271,272,277 баптарына сәйкес мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.

Сот шешімімен «Агентство по работе с дебиторами» ЖШС-нің талап арызы қанағаттандырылды. Жауапкерден «Агентство по работе с дебиторами» ЖШС-нің пайдасына келісім бойынша қарыз сома 4 640 187 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі