Қарыз соманы өндіру туралы талап арыз толықтай қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «ВОЯЖ МОТОРС»  ЖШС-нің жауапкер  А.-ға қатысты берген қарыз соманы өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық  іс қаралды.

 2015 жылдың қараша айының 26-жұлдызында А.  мен «ВОЯЖ МОТОРС» ЖШС-гі арасында  «ChanganCS35» маркалы автокөлігін кейіннен сатып алу құқығымен  жалға алу туралы келісім шарт жасасқан. Автокөлік заңды иесі «ВОЯЖ МОТОРС» ЖШС-гі болып табылады. Келісім шарттың  2.2.7. тармағы бойынша жауапкер күнделікті сағат 14:00-ге дейін жалға алынған көлік үшін  8500 теңге қаражат сомасын төлем есебінде жүргізіп тұруға міндеттелген. 

Автокөлік иесі  келісімнің 5.3. тармағы бойынша,  жоғарыда аталған қаражат соманы жалға алушы  төлемеген жағдайда әр төлемеген күні үшін аталған қаражаттың 1% -ын айып төлем ретінде өндіруге,  жоғарыда аталған келісімшартты бір жақты бұзып жалға алынған автокөлікті өндіріп алуға құқылы.

 2016 жылдың  желтоқсан айының 11-жұлдызынан бастап 2017 жылдың  қаңтар айының 05 жұлдызы аралығында  жалға алынған автокөлік үшін қаражат төленбеген, төленбеген күндер саны 50-күн болып есептелінді.  Айып төлем көлемі 425 000 теңгені құрайды, жауапкер А. автокөлікті пайдалану кезінде автокөліктің  бұзылған жайтты ескере отырып, көлікті жөндеу жұмысына кеткен шығын көлемі 30 000 теңгені құрайды

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының Жетісу аудандық соты