Қарыз соманы өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «KМF» Микрокредиттік ұйым»  ЖШС-і жауапкер  Д.-ға  қатысты   қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

  2016 жылдың шілде айының 21-жұлдызында  «KМF» Микрокредиттік ұйым» ЖШС-і және Д. арасында қарыз шарты бойынша келісім жасалып, келісім бойынша «KМF» Микрокредиттік ұйым»  ЖШС-і қарыз алушыға

1 жыл мерзіміне бөліп төлеу үшін  1 000 000 теңгеге несие береді.

Несиені және сыйақы мөлшерін  келісімде көрсетілген кесте бойынша қарыз алушы өтеу керек болған. Алайда сотта баяндалғандай қарыз алушы қарыз шарты бойынша өзіне алған міндеттерді  толық орындамай, сол арқылы келісімнің шарттарын бұзған болатын.    Жауапкердің қарызы 763 848 теңгені құраған.

Сот шешімімен талапкер «KМF» Микрокредиттік ұйым» ЖШС-нің талап арызы  қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының Жетісу аудандық соты