Храпунов және басқаларына қатысты қылмыстық іс түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына мемлекеттік меншікті ұрлау, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, пара алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырумен айыпталған ұйымдасқан топ В.Храпунов, Л.Храпунова, А.Ильясовқа және тоғыз тұлғаға қатысты қылмыстық іс түсті.

 Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 355-бабына сәйкес сот қылмыстық істі сотталушының қатыспауынсыз қарауға, егерде ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс не болмаса сотқа келуден бас тартса құқылы.

Сотталушы В.Храпунов, Л.Храпунова және А.Ильясовқа сырттай қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданған.

17 шілде 2018 жылы қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданып, іс бойынша алдын ала тындау 26 шілде 2018 жылы сағат 09:00ге тағайындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайнар: 
Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты