Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен, 297 бабының 1 бөлігімен айыпталушы Б.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы қалалық ІІД-нің  ЖБО-ның аға инспекторы К. рапортына сәйкес, «А.Е.» деген жалған атты азаматтың өз еркімен қатысуымен жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіліп, оның барысында «А. Е.» 15 қараша 2016 жылы сотталушы Б.-мен хабарласып, және олар өз-ара алдын ала уағдаластыққа қол жеткізіліп, ол оған "кептірілген марихуана",есірткі затын 7 000 теңгеге  сатуға келіскен.

Осы күні сағат 21.00 шамасында. Б. Өз қылмыс іс-әрекеттерін сезіне отырып, тікелей ниетпен әрекет етіп, Алматы қаласы Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында "Мәскеу" СОК-ға заңсыз түрде "кептірілген марихуана" бағасы 7 000 теңге тұратын, салмағы 1,49 грамм шағын мөлшер болып табылатын есірткі затын заңсыз түрде өткізді. Аталған есірткі құралын Б. Өткізу мақсатында заңсыз сақтаған және оны куә «А.Е.»-ге өткізді. Аталған есірткі құралын «А.Е.» алғаннан кейін, өз еркімен полиция қызметкерлеріне тапсырды.

20 қараша 2016 жылы сағат 20.50 шамасында, полиция қызметкерлері жеке тінту жүргізу барысында Б. тұратын жерде: Алматы қаласы  Мамыр ықшам ауданы, 3 үй, соңғысының күртешесінің сол жақ қалтасынан түйіншек алынып, ішінде 4-ке бөлінген полиэтилен түйіншек және жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сонымен бірге, оның шалбарынан оң жақ қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес ермексаз нысанды1 түйіншек табылды.

№1033 22.11.2016 жылғы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, 4 полиэтиленді  түйіншектердегі зат - салмағы 7,71 грамм құрайтын "кептірілген марихуана"есірткі құралы болып табылады, ал оралған  зат - салмағы 1,93 грамм құрайтын "гашиш" есірткі құралы болып табылады.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 2 бөлігінде, 297 бабының 1бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылыпп, оған  Қылмыстық кодекстің 296 бабының 2 бөлігімен 150  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, Қылмыстық кодексінің 297 бабының 1-бөлігімен мүлкін тәркілеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның 2 бабы 1 бөлігіне сәйкес, сотталалған Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен тағайындалған айыппұл түрінде негізгі жазадан босатылды.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

 

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты