Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденгендері, сақтағандары, тасымалдағандары үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есіртке заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденгендерге, сақтағандарға, тасымалдағандарға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Сот үкіміне сәйкес 2016 жылдың 22 және 26 тамызында Е.   Ж.-мен алдын-ала сөз байласып, 0,2 грамм шамасында ірі көлемдегі кокаин есірткі затын және 35 грамм шамасындағы аса ірі көлемдегі  кокаин гидрохлорид есірткі затын қылмыстық әрекеті имитациялау үшін енгізілген "Қайрат" есімді тұлғаға өткізген. Онымен қоса, Ж.-ның тұрғын үйін тінту барысында 2 грамм шамасындағы аса ірі көлемдегі кокаин гидрохлорид есірткі заты табылып алынған.

Сотта жауап алынған сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толық мойындаған, жасағандарына өкінген.

Сот үкімімен Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабының 3 бөлігі 1,3 тармақтарымен, Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабының 3 бөлігі 1,3 тармақтарымен, 287 бабының  2 бөлігімен, 58 бабының 3 бөлігімен сотталып, әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы мүлкі тәркілене отырып тағайындалды.  Жазаларын барынша қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемеде   өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты