Ерекше батыл қоғамдық тәртіп бұзушылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен сотқа берілген М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

25  мамырда 2017 жылы сағат 08:00 шамасында М. № 67 бағытындағы автобусымен Алматы қаласы Наурызбай ауданы Райымбек даңғылы бойындағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының жанындағы аялдамаға келіп тоқтаған. Осы жерде М. қоғамдық көліктерді бақылайтын «Оңай» бақылаушысы К-ға қатысты бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен балағат сөздерді айтып, К-ны қоғамдық автокөліктен сыртқа шығарып бет тұсынан бірнеше рет соққылар жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші  К. сотталушы М-мен татуласқандарын, келтірілген зиянды қалпына келтіргендіктен оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі медиативті тәртіпте қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен М-ға қатысты қылмыстық іс жәбірленушінің сотталушымен татуласқанына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты