«Электронды атқару парағы» атты тақырыпта семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алатау аудандық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбына семинар өткізілді.  Семинарда кеңсе меңгерушісі А.Садиева сот мамандарына  «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі арқылы электрондық атқару парағын жолдау тәртібін түсіндіріп, іс жүзінде көрсетті.

Баяндамашы өз баяндамасында, Жоғарғы Сот Әділет министрлігімен бірлесіп, «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс- қимыл шегінде жаңа қызметті іске қосу нәтижесінде атқару парақтарын орындау үшін әділет органдары және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына электрондық құжат түрінде жіберуге мүмкіндік туатынын атап өтті.

Бүгінгі күні, Алатау аудандық сотымен электронды атқару парақтары әділет басқармасына жіберілуде, ал жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жататын атқарушылық құжаттарды да электрондық түрде жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілуде. Олар өз кезегінде атқарушылық құжаттарды Қағида бойынша жеке сот орындаушыларының арасында бөледі, ал сотқа өндіріп алушыдан арыз түскен жағдайда атқарушылық құжат арыз да тікелей көрсетілген жеке сот орындаушысына жіберіледі.

Азаматтар атқарушылық құжаттарды әділет органдарына жіберу туралы арызды, сондай-ақ «Сот кабинеті» сервисінің «Сот ісін жүргізу» бөлімі арқылы электрондық құжат нысанында да жібере алады. «Сот кабинеті»  сервисінің пайдаланушылары құжаттардың орындалғаны туралы хабар алып отырады.

Сот орындаушысының электрондық құжат нысанын да ұсынылған санкциялау туралы қаулысын алған кезде сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасын куәландыру жолымен санкция береді. Санкция беруден бас тартылған жағдайда электрондық құжат нысанында санкция беруден бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарылады.

2016 жылдың сәуір айында Алатау аудандық сотымен сот орындаушыларының  АІЖО ААЖ арқылы электронды түрде жолдаған қаулыларын да электрондық санкциялау  іске асырылуда. Бүгінгі күні  жеке сот орындаушыларының АІЖО ААЖ арқылы электрондық құжат нысанында ұсынған санкциялау туралы 52 қаулысы бойынша судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру жолымен санкция берілді. 

Осы жаңалықтарды іске асырудың нәтижесінде бірінші кезекте атқарушылық құжаттар мен санкциялауға ұсынылатын қаулыларды қағаз жүзінде ұсынуға кететін уақыт анағұрлым қысқарады. Сондай қатар, бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудің маңызды кепілі болып табылатын сот актілерін жедел әрі тиісінше орындауға мүмкіндік береді.

 

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі