«Электронды атқару құжаттарын жіберу, қабылдау және орындау кезінде туындайтын сұрақтар»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Алматы қаласы бойынша жеке сот  орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен  «Электронды атқару құжаттарын жіберу, қабылдау және орындау кезінде туындайтын сұрақтар» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар сотпен «Төрелік» АЖ жіберілетін электронды атқару парақтарын  толтыру кезінде жіберілетін қателіктерді, себепсіз қабылдамау және орындаусыз қайтарудың себептерін талқыланды. Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі Г.Теберикова жеке сот орындаушыларды «Төрелік» АЖ электронды атқару парақтарын құрастыру және орындауға жіберу  функциясымен таныстырды.

Шара соңында, дөңгелек үстелге қатысушылармен алдағы уақытта сот және жеке сот орындаушылардың сот үкімдерін дер кезінде орындау бағытында бірігіп жұмыс атқаруына ықпал ететін шаралар талқыланды.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты