Дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында сот отырысында  100 пайыздық аудио-видео бейнені қолдану мәселесі бойынша сот отырысынын хатшылары мен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен дәріс өткізілді.

Бас маман С.Садуақас өзінің баяндамасында, аудио-видео бекіту барлық сот отырыстарында, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық іс-шаралар жүргізу үшін міндетті түрде болуы қажет, себебі, демократиялық мемлекетте сот отырысын ашық жүргізу – ең басты қағида болып табылады және өз алдында нақтылық, ашық және көпшілікке мәлім болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сот отырысын аудио-видеомен бекіту сот хаттамасы бойынша дауларды болдырмауын және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттырады. 

Іс-шара соңында, қатысушылар оқылған баяндама бойынша пікірлерімен бөлісті. 

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезоваудандық сотының баспасөз қызметі