Денсаулығына қасақана зиян келтіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 1 бөлігімен бөлігімен сотқа берілген  Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

27 наурызда 2017 жылы 21-30 шамасында Н. Алматы қаласы, Шанырақ ы/а, Рахимов көшесінің бойында орналасқан Шұғыла дүкенінің жанында бола тұра, З.-ң денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Сотталушымен прокурор арасында процессуальдық келісім жасалған, келісімге сәйкес Н. тағылған айыпты толығымен мойындап соттан процессуалдық келісімді орындағанын, жәбірленушіге келтірілген шығынды өндіргенін көрсетіп процессуалдық келісімде көрсетілген жазаны қолдануды сұрады

Сот үкімімен Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің  106 бабы 1 бөлігінде  көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған осы бап бойынша 3 жыл 6 айға бас  бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды және  пробациялық бақылауға алумен мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Сот үкімі  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық соты