Дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «Ш» жауапкер «Салем» Сақтандыру компаниясы» АҚ-на қатысты залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптардан істі медиация тәртібімен келесі шарттарда шешу туралы өтініш білдірді: жауапкер  «Салем» Сақтандыру компаниясы» АҚ талапкерге   медиативтік келісімге қол қойылған кезден бастап, 5 кун ішінде 1 869 000 теңге мөлшеріндегі сақтандыру төлемін  төлеуін мойынына алады. Ал талапкер жауапкер «Салем» Сақтандыру компаниясы»  АҚ-на қатысты зақымды өтеу туралы  талап арызынан толықтай бас тартады. Тараптардың бір-біріне дау-дамайы жоқ.

Тараптарды тыңдаған соң сот  жасасқан медиативтік келісімнің заңға қайшы келмеуіне байланысты медиативтік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарды.

Сот ұйғарымы  заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты
Пікірлер мен ұсыныстар