Іс бойынша өндіріс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «Ч»  жауапкер «Домашний уют» ЖШС-не қатысты қарыз сомасын өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа талапкер «Ч» жауапкер  «Домашний уют» ЖШС-нен  қарыз сомасын өндіру жөнінде талап арызбен жүгінген.

Азаматтық істі қарау барысында, тараптардан істі медиация тәртібімен  келесі шарттарда реттеу туралы өтініш түсті, соттан азаматтық істі тоқтату туралы өтініш білдірілді.

 Тараптар арасында дауды медиация тәртібімен  реттеу туралы  келісім келесі шарттарда  жасалды: жауапкер  келісім шарты бойынша қойылған талаптарды орындауы қажет: профиль мен сүлгіні  жаңадан орнату, светодиод лентасын орнатады, 1 тармақта көрсетілген шарттарға қарай, жұмысқа өзінің  жеке қаржысы мен жұмыс материалдарын пайдалана отырып, айдың соңына дейін бітіруге міндеттелінеді және жауапкер талапкермен 2017 жылдың 23 мамырына дейін жасалатын жұмыс келісім шартын жаңартуы қажет.

Істі қарау барысында тараптар  соттан келісімді бекітіп, іс бойынша өндіруді тоқтатуды сұрады.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында  өзара жасасқан келісімді, жоғарыдағы  шарттарда бекіттті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі