Борышкерді банкрот деп тану туралы арыз уақытынан бұрын берілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «ЦБ» АҚ-ның жауапкер«С-2» ЖШС-гін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,«С-2» ЖШС-гі салық төлеуші ретінде Алматы қаласы Әуезов ауданының мемлекеттік кірістер басқармасында тұр. Әрекеттің негізгі түрі: қаржылық көмек көрсету үшін басқа да көмекші әрекеттер, сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, Атырау, Шымкент, Семей, Қостанай қалаларында бөлімдері бар.

Сонымен қатар анықталғаны, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 04 қараша 2008 жылғы шешімімен «С-2» ЖШС-нен  банк пайдасына 7 608 872 теңге көлемінде сома өндірілген. Берілген сот шешімі заңды күшіне енді және орындалуға жіберілген, бірақ өндіріп алушының арызы негізінде  Қарасай аумақтық бөлімінің сот орындаушысының қаулысымен атқару парағы орындалусыз қайтарылған.

Сонымен бірге анықталғаны, «С-2» ЖШС-нің жылжымалы және жылжымайтын мүлігі Алматы қаласында жоқ, бірақ әрекет етуші заңнамаға сәйкес бөлімдер мүлікпен қамтамасыз етілген, оларды құрған заңды тұлғаның.

Арызданушымен берілген заңды тұлғаның  бөлімдерінде  «С-2» ЖШС-нің мүлкі жоқ екендігі туралы дәлелдер сотқа ұсынылған жоқ. Назарға ала отырып, арызданушымен борышкердің бөлімдері орнласқан жерлері бойынша мүліктерінің бар екені туралы мәлімет ұсынылмаған, сот шешті, борышкер «Сз-2» ЖШС-гін банкрот деп тану туралы арыз уақытынан бұрын берілген.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты